«Москва-Сити» мұнарасынан құлаған бала селфи жасағысы келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні "Око" көп қабатты үйі "Москва-Сити" кешенінің 83-ші қабатынан құлаған жас жігіттің өліміне байланысты тергеу жүріп жатыр. 

«Москва-Сити» мұнарасынан құлаған бала селфи жасағысы келген

Тергеушілер оқиғаның екі нұсқасын қарастыруда. Оның бірі, жас жігіт селфи жасамақ болған кезінде көру алаңында өзін өзі ұстай алмай, жерге құлаған. Екіншісі - өзі секірген.

Сенбі күні  "Око" көп қабатты үйінің "Москва-Сити" кешенінің 83-ші қабатынан 18 жасар жасөспірім құлады. 360 метрлік биіктікте көру алаңы орналасқан. Жас жігіттің мәйітін мұнараның маңындағы тұрақта тұрған машинаның жанынан жүргіншілер тапты.