Мосул іргесіндегі Шура қаласы азат етілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иракта Мосул үшін шайқас жалғасып жатыр, деп жазады «Хабар 24».
Әскерилер оның іргесіндегі Шура қаласын содырлардан азат етті. Сарбаздар елді мекенді артиллериялық қарумен атқылап, артынша әуеден соққы берген. Енді жауынгерлер қаланы Мосулға оңтүстік бағыттан шабуыл жасау үшін плацдарм ретінде пайдаланбақ.
Айта кеткен жөн, 17 қазанда Ирак әскері мен күрд жасағы АҚШ қарулы күштерінің қолдауымен Мосулды азат ету операциясын бастаған. Шаһар «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» астанасы саналады.
Әскери операция басталған екі апта ішінде 16 мыңнан астам тұрғын қаладан босып кеткен. Көбі уақытша лагерьлерді паналауға мәжбүр.