01:38, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Motivedia Boxing Головкин туралы видео жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Motivedia Boxing»-нің Youtube-каналында WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) арналған видеоролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Геннадий Головкин - P4P-рейтингінде бірінші орынға үміткерлерді бірі және соңғы уақыттағы орта салмақтағы үздіктердің бірі. Сауль Альвареспен тең түскеннен кейін бір нәрсені нақты айтуға болады: біз қазақстандық боксшыны әлі талай көреміз. 38 айқаспен және 33 нокаутпен ол әлі де жеңіліп көрмегендер қатарында. Өткен жолғы тең кездесумен мансабына сәл ғана кір келтіріп алды. GGG реваншта жеңеді ма?»- делінген видеоның астына қалдырылған жазбада.
Еске салайық, Головкиннің соңғы жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында мексикалық спортшы Сауль Альвареске қарсы өтті. Төрешілердің шешімімен айқас тең аяқталды. Жеңімпаз анықталмағанымен, GGG барлық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды.