Мотоциклге отыруға уақытша тыйым салынды
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Йемен билігі алдағы екі аптада елдің астанасы Санада мотоциклмен қозғалысқа тыйым салды.
Осы арқылы үкімет Санада саяси қайраткерлер мен әскерилердің өміріне қастандық жасау толқынына тосқауыл қоюға тырысуда.
ВВС-дің жазуынша, бұл тұрғыда қала тұрғындары үкіметтің талаптарын орындауға кірісіп, мотоциклдер йемендік астананың көшелерінен жоғала бастады.
Бір апта бұрын бірнеше қарулы адам шетелдік әскери сарапшыны өлтіріп, кейін мотоцикл арқылы іздерін жасырды.
Сонымен қатар осының алдында дәл осындай тәсілмен Санада үкімет мүшесіне қастандық жасалды.