Мотоциклмен соқтығысып, жарақат алған Бельгия велошабандозы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гент-Вевельгем жарысының барысында ауыр жарақаттар алған бельгиялық велошабандоз Антуан Демуатье Лилль қаласының ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды Би-би-си.

Мотоциклмен соқтығысып, жарақат алған Бельгия велошабандозы қайтыс болды

Бұған дейін хабарланғандай, жарыс кезінде 25 жастағы Демуатье құлап түскен сәтте оны мотоцикл басып кеткен. Ауыр халде болған спортшы ауруханаға жеткізілді.

Аймақтық жандармерия пресс-атташесінің айтуынша, оқиғаның мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.