Мотоциклші Германиядағы шоу кезінде әйелді баласымен қоса қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баварияда мотокросқа қатысушы жарысты қызықтауға келген 33 жастағы әйел мен оның баласын қағып кетті.
Зардап шеккендермен бірге мотошабандоздың өзі де ауруханаға түсті.
Бұл бір күннің ішінде болған жалғыз оқиға емес. Бұдан сәл бұрын Нидерландыдағы шоуға қатысушы көлігімен бір топ көрерменді басып, 3 адамды өлтіріп, 15 адамды жаралаған еді.