Мотоциклші машинадан шыққан жолаушыны ажал құштырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні Мәскеудің Кутузов даңғылында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақаттанды.

Мотоциклші машинадан шыққан жолаушыны ажал құштырды

24-інші үйдің маңында тоқтаған "Лада Приора" автомобилінен түскен жолаушыны сол жерден өтіп бара жатқан мотоциклші қағып кеткен,деп хабарлайды "Интерфакс ".

Адам басқан мотоциклшінің өзі "Ниссана Кашкай" көлігінің доңғалағы астына түскен. Ол ауыр жарақаттанды. Оқиға орнында Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.