02:07, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Motorola экраны сынбайтын смартфон жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Motorola компаниясы экраны сынбайтын Droid Turbo 2 смартфонын жасап шығарды. Телефонның дисплейі екі қабаттан тұрады - ішкі және сыртқы. Сыртқы қабат қорғаныш қабаты болып саналады және зақымданған жағдайда ауыстыруға болады.
Motorolaның зерттеуіне қарағанда, әлемде әр 2 секунд сайын ұялы телефонның экраны сынатын көрінеді. Ал смартфон тұтынушыларының 63 пайызы жөндеу жұмыстары қымбат болғандықтан сынған экрандықайта жөндеуге бермейді.
Телефонның 3 гигабайт оперативтік жады бар, сондай-ақ негізгі камераның түсіру сапалығы 21 мегапиксель және 5 мегапиксельді фронтальды камера да бар.
Құрастырушылар смартфонның аккумуляторы 48 сағатқа шыдайтындығын айтты. Модель Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайды, деп жазады шетелдік БАҚ.