Мотожарыстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда мотожарыс бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анхель Ньето 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп жазды Europa Press.
Бірнеше күн бұрын спортшының квадроциклде апатқа ұшырап, ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын.
Ньето испандық Самора қаласында туған. 13 рет әлем чемпионы титулын еншілеген. Спортшы жетістіктерінің құрметіне Херес жарыс жолы бұрылыстарының бірінің атауы оның есімімен аталған еді. 2000 жылы Халықаралық мотоцикл федерациясы Ньетоны Гран-при «аңызы» деп таныды.