Мойынты-Шығанақ бағытының жол бөлігіндегі қозғалыс қалпына келтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мойынты-Шығынақ бағытының бойындағы жол бөлігінде қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мойынты-Шығанақ бағытының жол бөлігіндегі қозғалыс қалпына келтірілді

Бірінші болып жолға «Астана - Алматы» бағытындағы № 9 пойызы шықты. Одан әрі «Астана-Шымкент» бағытындағы № 175, «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы № 55, «Сарыағаш - Астана» бағытындағы № 86 пойызы жолға шықты.

Айта кетейік, Сарышаған стансасында жүк құрамының рельстен шығуына байланысты 5 жолаушылар пойызының жол бөгелген болатын.