МӨЗ-дерде жөндеу графигі жанар май төңірегіндегі қарбаласты болдырмайды - Энергетика министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу жұмыстарының графигін жария етті.
None
None

«ПКОП» ЖШС (Шымкент)

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 20 наурызынан 1 мамырына дейін жоспарланып отыр.

Келесі жұмыс түрлерін жүргізу жоспарланып отыр: сауыттарды техникалық тексеру және сауыттардың қалдық ресурстарын бағалау; 215 позициясы желісінің технологиялық құбыр жолдарын инспекциялау (тексеру және ревизия); «ПКОП» ЖШС технологиялық қондырғыларының 3 жылдық жөндеуаралық кезеңіне ауысу бойынша және т.б. іс-шараларды орындау.

Технологиялық қондырғыларды 3 жылдық жөндеуаралық кезеңіне ауыстыру бойынша іс-шараларды орындау - бақылау жүйесімен жарақтандыру, жабдықты ауыстыру және техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің автоматты басқару жүйесін енгізу.

«Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру аясында күрделі жөндеу кезеңінде келесі жұмыс түрлерін орындау жоспарланып отыр:

-            каталитикалық риформингтің қолданыстағы қондырғысының шикізатын гидротазалау блогы бойынша - технологиялық жабдықты және технологиялық құбыр жолдарын монтаждау.

-            Изомеризация қондырғысын іске қосумен байланысты жалпы зауыттық шаруашылық объектілері бойынша: - жаңа технологиялық құбыр жолдарын монтаждау және кесінділерді орындау.

2017 жылы жоғарыда көрсетілген жұмыстарды орындамаған жағдайда, 2017 жылдың маусымында изомеризация қондырғысын салу және пайдалануға енгізуді аяқтау қамтамасыз етілмейді. Жұмыстардың жоғарыда көрсетілген мерзімдерін ауыстыру немесе қысқарту 2017 жылы Шымкент МӨЗ жаңғыртудың 1-кезеңін аяқтаудың мүмкін болмауына әкеп соғады.

«ПМХЗ» ЖШС (Павлодар)

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 01 маусымынан 07 шілдесіне дейінгі кезеңге жоспарланып отыр.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар мен ҚР заңының талаптарын ескере отырып, келесі жұмыс түрлерін жүргізу жоспарланып отыр: қысымда жұмыс жасайтын сауыттарға ішкі тексеру жүргізу, қысымда жұмыс жасайтын сауыттардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сақтандыру клапандарын тексеру және ревизиялау, технологиялық құбыр жолдарын техникалық тексеру (ревизия), технологиялық құбыр жолдарының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізу және т.б.

МБӨК-1, МТӨК-3, АМҚӨК-4 кешендерінде динамикалық жабдықтарды қысымда жұмыс істейтін құбыр жолдары мен сауыттарды бақылаудың акустикалық жүйесі мен вибромониторинг жүйесімен жарақтандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ТОРО техникалық қызмет көрсету және жөндеуді автоматты басқару жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

2017 жылы уақыты және дайындығы бойынша барынша ұзаққа созылатын жөндеуге тоқтау жұмыстары келесілер болып табылады: реконструкциялау және жаңғырту аясында МБӨК кешенінде жаңа жабдықты ауыстыру және монтаждау; С-200 МТӨК кешенінің реакторлық-регенераторлық блогын реконструкциялау; Р-201 реакторы мен Р-202 регенераторының ішкі құрылғыларын ауыстыру.

«АМӨЗ» ЖШС (Атырау)

Күрделі жөндеу 2017 жылдың 18 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жоспарланып отыр.

Қолданыстағы өндірісті техникалық жай-күйі бойынша күрделі жөндеу.

1.  Жылу алмасу жабдықтарының құбырлық байламын тазалау. Орындауды тиімді жылу алмасуды қамтамасыз ету, сорғы-компрессорлық жабдықта жүктемені төмендету, жылу энергия ресурстарын салыстырмалы тұтынудан асып кетуге жол бермеу үшін қажет;

2.       Катализаторлардың қорғау қабаттарын салу. Орындау гидрогенизациялық процестер жүйелерінде қажет етілетін көлемді жылдамдық және сутектің парциальды қысымы мен қайталама мұнай өнімдерін өңдеуге тарту мүмкіндігін  қамтамасыз ету үшін қажет.

3.       Баяу кокстау қондырғысында пештердің құбыр иректүтіктеріндегі кокс қабаттарының бу бұрқауы. Орындауды құбыр иректүтіктерінің ішкі жағынан кокс қабаттарын жою, жүйедегі қысымды төмендету, тиімді жылу алмасуды қамтамасыз ету, сорғы жабдығына жүктемені төмендету үшін қажет.

ҚР МӨЗ-дерінде мерзімдері жаңғырту және реконструкциялау жобаларына сәйкес МӨЗ қолданыстағы және жаңа қондырғыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің бірізділігін сақтау және ЖЗШ-мен (жалпы зауыт шаруашылығы) изомеризация қондырғылары құрылысын аяқтау мерзімдерін, қауіпсіздік талаптарын орындауды ескере отырып белгіленді.

Жұмыстардың көпшілік бөлігі зауыттың жұмыс істеп тұрған жағдайында тәулік бойы жүргізілетін болады.

МӨЗ-дерде жөндеу жұмыстарының графигін бекіту және осы ақпаратты жариялау ЖЖМ нарығының қатысушыларына отынды беруді нақты жоспарлауға және ажиотаж бен жанармай тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. 

ҚР МӨЗ жабдықтарын толық немесе толығымен бастапқы ресурсқа жақын қалпына келтіру мақсатында 2017 жылы жоспарлы күрделі жөндеуді орындау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар