Мозамбик астанасында болған жол апатынан 23 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешкісін Мозамбик астанасы Мупутоның  Кабрал өңіріне жақын маңда жеңіл автомобиль нөмірі 4 ұлттық тасжолдағы бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 23 адам қаза тапты, отызы зардап шеккен, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Мозамбик астанасында болған жол апатынан 23 адам қаза тапты

Полицияның дерегі бойынша, оқиға орнында 21 адам, ауруханада екі адам көз жұмған.

«Бұл жеңіл автокөлікпен болған елдегі ең ірі жол апаты. 50 адам зардап шекті», - деп хабарлады жол қозғалысы басқармасының басшысы Пауло Ланга.

П.Ланга көліктің бірнеше қоршауды соққаннан кейін екпінін тоқтата алмай жаяу жүргіншілер көпірінің тірегі аралығында тоқтағанын атап өтті.

Сондай-ақ, полиция офицері оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз екендігін мәлім етті.