Мозамбикте автоцистерна жарылып, 70-тен астам адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мозамбиктің солтүстігінде бензин тасымалдайтын жанармай таситын көлік жарылып жарылып 70-тен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Оқыс оқиға болған Тете провинциясының әкімшілігі 110 адам жарақат алды деп мәлім еткен.
Ресми мәліметке сенсек, аударылып қалған жанармай тасымалдайтын көліктен бензинді сорғызып алуға әрекет жасалғанда ол жарылып кеткен.
Малавимен шекараласатын өңірдің ауруханасы қазір күйік шалғандардың барлығына көмек беруге үлгермей жатыр.
Жергілікті билік апаттың салдарын жіті тексеруге уәде берді.