Мозамбикте бір айдан бері үкіметке қарсы наразылықтар тоқтамай жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Мозамбик астанасы Мапутуда өткен айдағы үкіметке қарсы ең ірі наразылық акциясы өтті. Бұл туралы Euronews ақпарат агенттігі жазды

10 человек погибли в Кении во время протестов против повышения налогов
Фото: кадр из видео

Оппозицияны жақтаушылар билікті 9 қазандағы сайлау нәтижелерін бұзды деп айыптайды.

Мозамбик билігі бірнеше аптаға созылған үкіметке қарсы наразылықтардан кейін тәртіп сақтау үшін әскери күштерді көшелерге жіберді.

9 қазандағы сайлауда 50 жылға жуық басқарушы социал-демократиялық қозғалыстың кандидаты Фрелимо Даниэль Шапку президенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл ретте оппозиция билікті нәтижелерді бұзды деп айыптады.

Наразылық таныту мақсатында мыңдаған адамдар ел астанасы Мапутуда өрт қойып, жолдарға тосқауыл қойып жатыр. Полиция оларға көзден жас ағызатын газбен және резеңке оқтармен тойтарыс беруде.

Агенттік мәліметінше, бір айда кем дегенде 18 адам қаза тапт. Тек бейсенбідегі соңғы наразылық акциясында кем дегенде 66 адам зардап шеккен көрінеді.

Бұған дейін Мозамбикте паром аударылып, кем дегенде 94 адам қаза тапқаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар