MrBeast YouTube тарихында алғаш болып 500 миллион жазылушы жинады
АСТАНА. KAZINFORM — Танымал блогер MrBeast YouTube платформасында әлемде алғаш болып 500 миллион жазылушы межесіне жетті. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
MrBeast (шын аты-жөні — Джеймс Стивен Дональдсон) YouTube-та қымбат әрі ауқымды трюктерді түсіруге негізделген бейнероликтер жанрының негізін қалаушылардың бірі саналады.
2024 жылдың шілде айында оның арнасы 300 миллион жазылушы көрсеткішінен асып, платформа тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы адам атанған болатын.
Ол өз арнасын 13 жасында ашқан. Блогердің танымал болуына түрлі челлендждер, реалити-шоулар және қайырымдылық жобалары туралы бейнероликтері себеп болды.
Бұған дейін MrBeast мыңға жуық көру қабілеті нашар және зағип жанның көру мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектескені туралы хабарланған еді.
Айта кетейік, Қырғызстан блогерлері 5 жылға салықтан босатылады.