Муай-тайдан Азия чемпионаты: Қазақстан 7 медаль олжалады

«SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
None
None

Чемпионатта қазақстандық спортшылар ел қоржынына 7 медаль салды. Қола медальдарды Еламан Саясатов (54 келі), Руслан Заякин (71 келі) және Иван Ван-Хон-Тун (86 келі) еншіледі. Алмаз Сәрсембеков (57 келі), Евгений Зайцев (63,5 келі) пен Альбина Құлбизекова (57 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан үшін жалғыз алтын медальді 67 келі салмақ дәрежесінде Нұртаза Жұмаханов жеңіп алды. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысы Нүриддин  Самирді нокаутқа жіберсе, ақтық сында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ауғанстандық Мұртаза Шамалды жеңген.

Сондай-ақ қазақстандық Алмаз Сәрсембеков ерлер арасындағы Азия чемпионатының «Үздік боксшысы» атанып, ұйымдастыру комитетінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы Таиланд, Қытай және Макаодан кейін төртінші орында тұр. 

Соңғы жаңалықтар