Мүбарак Каирдегі демонстранттар қақтығысын тексеру жөніндегі комиссия құру туралы тапсырма берді

АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Мысыр Президенті Хосни Мүбарак Каир орталығындағы Тахрир алаңында болған және ең аз дегенде 11 адам қаза тапқан демонстранттар қақтығысын тексеру жөніндегі комиссия құру туралы тапсырма берді,
None
None

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Президенттің айтуынша, комиссия «тәуелсіз болуы және және оған мысыр қоғамында өз әділдігімен аты шыққан танымал адамдар кіруі керек».

Мысырда екі аптаға созылған дүрбелеңдер барысында ең аз дегенде 297 адам қаза тапқан. «Хьюман райтс уотс» халықаралық құқық қорғаушы ұйымы осындай мәлімет жариялап отыр. Ұйым қызметкерлері Каир, Александрия және Суэц қалаларындағы бірнеше ауруханаларды аралап, дәрігерлердің арасында сауалнама жүргізгендерін, мейітхана мәліметтерін тексергендерін айтып отыр.

Мысырдың денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық шеру кезінде қаза болғандардың ресми статистикасын әзірге жариялаған жоқ.

Ал құқық қорғаушы ұйымның өкілдері, мәліметтерінің «алдын ала жасалған тұжырымдар екенін, қаза болғандардың саны одан да көп болуы ықтималдығын» айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар