Мүбарак Мысырды басқарған 30 жылдың ішінде 185 миллиард долларды қалтасына басқан - Utro.ru
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак елді басқарған 30 жылдың ішінде 185 миллиард доллар қаржыны қалтасына басқан. Бүгін Каирде Экономикалық ғылыми орталықтың жария етілген зерттеуінде осындай мәлімет келтіріліп отыр,
деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Аудиторлардың бағалауынша, экс-президент АҚШ, Жапония және бірқатар араб елдері елдің мұқтаждығына бөлген қаржының 90 пайыз дерлігін қымқырған.
Ақпан айында халық толқулары кезінде тағынан түскен Хосни Мүбарак қазір тергеліп жатыр. Оның ұлдары мен елдің бұрынғы министрлер кабинеті де тергелуде.