Мұғалім мәртебесін көтеру үшін еңбекақының жаңа жүйесі қарастырылады - Ж. Түймебаев
аурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Алдағы уақытта мұғалім мәртебесін көтеру үшін еңбекақының жаңа жүйесі қарастырылады.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл ретте педагогтар жалақысын экономикадағы орташа деңгейге дейін жеткізу көзделеді. «Ақша мұғалімнің соңынан ереді» деген қағидат бойынша біліктілікті арттыру жүйесіне ваучерлік қаржыландыру енгізілетін болады. Сондай-ақ, оқыту барысында ағылшын тілін қолданатын мұғалімдер санының үлесі 2015 жылы 15 пайызды, 2020 жылы 30 пайызды құрайтын болады», деді министр.