Мұғалім Пактың қылмыстық ісі прокуратураға жіберілді
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдегі Ростов сот сараптамалары орталығынан жаңа тұжырым келгендіктен, іс материалдары прокуратураға жіберілген. Қорытындыда ресейлік сарапшылар құқық қорғау органдарына қоңырау шалған ер адамның дауысы Юрий Пактыкіне ұқсамайды деген шешімге келген.
Сонымен бірге, ростовтық сараптамаға бес қазақстандық сараптамаға қайшы келіп отыр. Отандық сарапшылардың айтуынша, орталық дүкенге жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарды Юрий Пактың өзі айтқан.
«Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы сотталушы Юрий Пактың адвокат-қорғаушысының жаңадан ашылған айғақтар бойынша қылмыстық іс өндірісін қайта жандандыру туралы өтінішін қарады. Апелляциялық алқа қаулысымен Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 502-бабы, 4-бөліміне сәйкес өтініш Қарағанды облыстық прокуратурасына тексеруге жіберілді», - деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлбаршын Жітікова.
Г.Жітікова тексеру нәтижесі бойынша прокуратура материалдарды және сот актілерін қайта қарауға негіз бар-жоғы туралы өз тұжырымын сотқа жібереді.
Еске сала кетсек, 10 наурыз күні Қарағанды облысы Абай аудандық соты физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың жаза мерзімінің 4/1 бөлігін қысқартты.