Мұғалімдер жалақысы бүгінгі деңгеймен салыстырғанда 2 немесе 3 есе артады

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат -  2015 жылға дейін 500-ден астам мектеп салынады. Бұл туралы бүгін Астанада «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Мұғалімдер жалақысы бүгінгі деңгеймен салыстырғанда 2 немесе 3 есе артады

«Осы жылдың өзінде 146 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2015 жылға дейін 522 мектеп салынады. Бұл ТМД елдеріндегі бірегей қарқын»,-деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде ең маңызды міндеттердің бірі, педагог мәртебесін көтеруге байланысты екенін жеткізді. Мұғалімдерге лайықты еңбекақы төлеу мәселесіне тоқталған министр, «Мемлекеттік бағдарламада 2015 жылға қарай педагог жалақасы жеке сектордағы деңгейге жақындайтыны қарастырылған. Бұл - бүгінгі деңгеймен салыстырғанда 2 немесе 3 есе артады деген сөз. Бір жылдан бері мұғалімдер категориясына байланысты қосымша ақы алады», - деді.