Мұғалімдер жаңа заңның игілігін сезінуі тиіс - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды арттыру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім саласы экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де өзекті», - Қ. Тоқаев.

Бұдан бөлек Президент білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мардымсыз екенін атап өтті.

«Аталған мәселелерді шешу үшін «Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажет. Ең басты мақсат – мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент елімізде ғылымды қаржыландыру деңгейі қажетті сомада емес екенін, бұл ретте Ішкі жалпы өнімге шаққанда ғылымды дамыту үлесін арттыру керектігін айтты. Осы орайда Үкімет пен ғылыми қоғамдастыққа ғылымды дамытуға кедергі болуы мүмкін жағдайларға талдау жүргізу тапсырылды.

«Жоғарыда аталған мәселелерді әзірленіп жатқан білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ескеру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар