Гуманитарлық көмекті ұрлады деп жала жапқан әйел 37 мың теңге айыппұл төледі

Гуманитар ёрдам
Фото: Александр Павский/Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды.

WhatsАрр чаттарда 27 жасар азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген дауыстық хабарламасы тараған.

Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды.

Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК — 36 920 теңге айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Соңғы жаңалықтар