Мүгедек анасын өлтірген жігіт 17 жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мас күйінде мүгедек анасын өлтірген қызылордалық жігіт 17 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Мүгедек анасын өлтірген жігіт 17 жылға сотталды

Бұл жұртшылықты дүрліктірген жағдай болды. Анасының ажалына себепкер болған жігіт мас күйінде екінші топтағы мүгедек анасын балғамен басынан, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрған. Соның салдарынан анасы көз жұмған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ендігі өмірінің 17 жылын темір торда өткізетін болды. Ол жазасыг қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Әділет Қаңтарбаев