Мүгедек балалар оқитын мектептерге «Алматы марафоны» сыйлық жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы марафоны» мегаполистегі 2 мектеп-интернатқа құзға өрмелеу құралы мен бірқатар спорт бұйымдарын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы марафонының» ұйымдастырушыларына сілтеме жасай отырып.
None
None

VI «Алматы марафонына» қатысушылар атынан «Смелость быть первым» корпоративтік қорының басшылығы мен «World Class Almaty» фитнес клубы 2017 жылға арналған ауқымды қайырымдылық шарасы аясында екі балалар үйіне бірқатар спорт бұйымдарын сыйға тартты.  

null

«Сөйлеу қабілеті төмен балаларға арналған №9 арнайы мектеп-интернатында құзға өрмелеу нысаны ашылды. Бұл нысан «Алматы марафонына» қатысушылар төлеген жарнаға салынған. Аталған мектепте 350 бала білім алып жатыр, олардың 100-і мүгедек.

nullnull

«Біз біріншіден, 23сәуір күні «Алматы марафонына» қатысу үшін жүгіруге шыққандарға алғыс айтамыз. Денсаулығы нашар балалар үшін салынған, сатып алынған спорт құралдарының барлығы - біздің ортақ еңбегіміз», - деді «Смелость быть первым» қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

null

Сонымен қатар, қимыл қозғалыс әрекеті бұзылған балалар оқитын №2 интернатқа емдік, дене шынықтырумен спорт ойындары, құрастыру ойыншықтары сыйға тарту етілді.    

null

«Алматы марафонынң» 2017 жылға арналған қайырымдылық шаралары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Ай соңына дейін екі мектеп-интернат пен бір балабақшаға көмек көрсетіледі.

nullnull

Еске сала кетейік, алматылықтар марафонға қатысу үшін 2 000 - 4 000 теңге аралығында жарна төлеген. 6-шы рет өткізіліп отырған Алматы марафонына 13 мың адам қатысқан.  
«Келесі жылы, 2018 жылдың 22 сәуірінде кезекті марафонды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Биылғы қайырымдылық акциясы аясында 6 мектеп-интернатқа жиналған жарнадан 13,5 млн теңге бөлінді», -деді марафонның PR менеджері Әсел Беженова.

Соңғы жаңалықтар