Мүгедек балаларға көмектесу керек - депутат М.Айсина
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгінде мүгедек балаларға көмек беру керек. Бүгін Астанада V-ші Парламенттің екінші сессиясының ашылуы аясында журналистерге сұхбат берген депутат Майра Айсина осылай айтты.
«Әрине, бізге көп нәрсе жасау керек. Оның ішінде мүгедек балаларға, жалпы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек беру жағынан біраз мәселені шешу қажет. Енді, елге барып, халықпен кездесіп жүрміз ғой. Адамдар өз балаларының еңбекке араласуына алаңдаулы. «Жұмыс істеп, еңбекке бейімделсе екен», - деп тілеп жатады. Міне, осы орайда да қоғамның ойын өзгертіп, «мемлекет емес, мен мемлекет үшін не істей аламын?», - дегенге дейін жеткізуіміз қажет-ақ», - дейді М.Айсина.