Мүгедек жандардың репродуктивті денсаулығын сақтау қажет

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық қауымдастығы осы салада жүргізген зерттеудің нәтижесін жария етті.
None
None

 18-45 жастағы азаматтардың арасында өткен зерттеу көрсеткендей, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін контрацептив препараттарының қымбат болуы репродуктивті және жыныстық денсаулықты сақтауға қолбайлау болып отыр. Оған қоса, ел азаматтары контрацептивті әдістер туралы көп біле бермейді. Ал мүгедек жандардың қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді. «Мемлекет репродуктивті денсаулық саласындағы саясатты жүргізген кезде, біздің де құқықтарымызды ескерсе екен деген тілек бар. Қазіргі кезде Қазақстанда 450 мың мүгедек тіршілік кешіп жатыр. Олардың 52 пайызы - әйелдер, олар көп жағдайда медициналық мекемеге бара алмай жатады, тіпті дәріханаға жетудің өзі бір ғанибет. Сондықтан осы санаттағы азаматтар үшін  де тиісті жағдай жасалса, нұр үстіне нұр болар еді», - дейді мүгедек жандар.

Соңғы жаңалықтар