Мүгедек жандардың түйінді мәселелеріне арналған журналистік жұмыстар байқауы жалғасуда

АЛМАТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Қазақстан Ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан Журналистер одағы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Оқшауланудан теңдікке қарай: Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» тақырыбына мүгедектердің проблемаларын баяндайтын БАҚ басылымдарындағы ең үздік жарияланымдар мен жарияланымдар серияларына бәйгесі жүріп жатыр,

Мүгедек жандардың түйінді мәселелеріне арналған журналистік жұмыстар байқауы жалғасуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистер бәйгесін өткізуге Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы Елшілігі қолдау білдіруде. Конкурстың мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам назарын аударту. Сонымен бірге, Мүгедек жандардың құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға ҚР-ның дайындық жұмыстарын қолдауды да көздейді.

Байқауға кез келген меншік нысанындағы немесе мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған қазақ және орыс тілдеріндегі журналистік жұмыстар қатыса алады. Қос тілдегі конкурс қорытындысы 15-ші қазанда шығады. Жеңімпаздар үшін:

1-ші орынға 150 мың теңге;

2-ші орынға 90 мың теңге;

3-ші орынға 60 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалған.

Осы жылдың сәуірінде басталған байқау қыркүйек айына дейін жалғасады деп жоспарланған.