02:54, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Мүгедектер неге өзін жалғыз сезінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әрбір төртінші британдық мүмкіндігі шектеулі адамдармен сөйлеспеуге тырысады екен. Бұл Sense қайырымдылық қоры жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп жазады bbc.com.

Әлеуметтанушы мамандардың айтуына қарағанда, мүмкіндігі шектеулі жас адамдардың 75%-і өздерін жалғыз сезінеді. Жазылмайтын дертін немесе мүмкіндігінің шектеулі екендігін білетін жас адамдар бақытсыз өмір сүріп жатқандай күйге түседі-міс.
Молли Уатт 12 жаста жазылмайтын дертке шалдығып, есту қабілетінен айырылған.
«Мен қазір 23 жастамын, кемтар екендігіме мән де бермеймін. Өйткені жалғыздық, өмірден түңілу сезімдерін жасөспірім шақта өткердім. Осы оқиға арқылы кімнің-кім екендігін білдім. Мен жанымдағы адамдардың менімен мүсіркеп, аяушылық білдіріп емес, қалыпты адам ретінде қарым-қатынас жасағанын қалаймын», - дейді М.Уатт.