Мүгедектердің ағартушылық сауықтыру орталығы құрылмақ

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Зәм Зәм» мұсылман соқырлары қоғамдық бірлестігі Отар станциясында мүгедектердің ағартушылық сауықтыру орталығын құрмақ,

Мүгедектердің ағартушылық сауықтыру орталығы құрылмақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мұсылман соқырларының бастамасымен 2007 жылы құрылған «Зәм Зәм» қоғамдық бірлестігінің бастамашылар тобында Алматы қаласынан ғана 80-нен астам азамат еніп отыр. Қазіргі таңда оған кіруге еліміздің өзге өңірлерінен де өтініштер түсіп жатыр. Жалпы біздің қызметіміз мына міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып отыр: мүгедектерге құқықтық, медициналық және материалдық көмектер көрсету. Мүгедектер құқын қорғау. Мүгедектерді ислам дінінің негізімен тәжірибелік оқыту. Мүгедектерді теология мен исламды ғылыми талдауға үйрету. Ар-намысқа, рухани-патриоттық сезімдерге тәрбиелеу және Қазақстанның әл-ауқатын нығайту мен өркендетуге мүгедектердің өмір сүру қағидаларын сәйкестендіру. Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлерін үйрену. Мүгедектерді қазіргі заманғы өмір сүру жағдайында сауықтыру мен бейімдеу бойынша жекелеген бағдарламалар жасау. Отар станциясындағы 4 гектар аумақта бұрынғы орталықтың базасында жекелеген бағдарламалар жасап жүзеге асыру мақсатында Мүгедектердің ағартушылық сауықтыру орталығын қалпына келтіру. Мүгедектердің еліміздің жоғары оқу орындарында оқуына мемлекеттен тегін грант алуына көмектесу», - дейді бірлестік директоры Руслан Мамытов. Оның айтуынша, Мүгедектерді сауықтыру ағартушылқ орталығы қазіргі кезеңде 4 бағытта жұмыс жасап жатыр. Біріншісі көру қабілетін жүре келе кейін жоғалтқан барлық жастағы адамдарды оқытып, қоғамға қайта бейімдеу. Қазір елімізде мұндай бірде-бір орталық жоқ. Екіншісі көзі көрмейтіндерге қазақ, араб факультеттерін ұйымдастыру және құру. Бұл тәжірибе әзірге ешбір елде жоқ. Үшінші, қол жетімді әдебиеттерді осы санаттағы адамдар үшін «Брайль» жүйесі бойынша басып шығаратын баспахана құру. Мәселен қазір көз жанары суалған қазақтар әлі күнге дейін әдебиеттерді ана тілінде оқи алмауда. Елде бұл жүйемен жұмыс жасайтын бірде-бір баспахана жоқ. Төртіншісі мүгедектердің кәсіпкерлік күші мен қызметін олардың еңбекке қабілеттігін оқыту мақсатында көтеру үшін біріктіру. «Мүгедектердің бұл ағартушылық сауықтыру орталығын құру үшін жалпы 70 мың доллар көлемінде қаражат керек. Егер ел ішінен иманды, жомарт азаматтар қолдау көрсететін болса оны жүзеге асыруға бізде толық мүмкіндік бар. Өйткені мұндай жағдай кез-келген адамның басында болуы мүмкін. Егер түрлі жәйттермен көру қабілетінен айрылған бұл адамдарды қазіргі жағдайға бейімдеп шығатын болсақ олар еліміздің бәсекеге қабілеті 50 елдің қатарына қосылуына өз үлесін қосуға қабілеті жетеді. Бұл үшін тек жағдай туғызу керек», -дейді Руслан Мамытов.