Мүгедектердiң әлеуметтiк төлемдерi 50 пайызға артады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың шiлде айына дейiн мүгедектердiң әлеуметтiк төлемдерi 50 пайызға артады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлiм еттi.
None
None

Министрдiң айтуынша, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға арналған әлеуметтiк төлемдер екi кезеңмен көтерiледi. Бiрiншi кезең - 2014 жылдың 1 сәуiрiнде, ал екiншi кезең 2015 жылдың 1 шiлдесiнде жүзеге аспақ.

"Осы екi жылдың iшiнде мүмкiндiгi шектеулі азаматтарға берiлетiн әлеуметтiк төлемдердiң көлемi 50 пайызға артады. Егер 1 топ мүгедегi бұған дейiн 25 мың теңге алып келсе, 2015 жылдың шiлдесiнен бастап, ол 38 мың теңгеге дейін көтерiледi", - дедi ол.

Соңғы жаңалықтар