Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту іс-шаралар жоспарының келесі кезеңі әзірленуде - Үкімет отырысы

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту іс-шаралар жоспарының келесі кезеңі әзірленуде.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты.

«Іс-шара жоспарының бірінші кезеңі биыл жүзеге асады. Министрлік жоспардың 2014-2015 жылдарды қамтитын келесі кезеңін әзірлеуде»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта мүгедектердің құқын қорғау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, әлеуметтік-инфрақұрылымның нақты нысандарына мүгедектердің қолжетімділігін және тиісінше қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін қанатқақты жобаларды әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларына қоғамның түсіністікпен қарауы, ықпал ететін ақпараттық науқан ұйымдастыру сынды келелі міндеттерді шешу көзделіп отыр.

«Жоспарды 2017 жылға дейінгі кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы инфрақұрылымы дамыған әлеуметтік көмек көрсетудің толыққанды жүйесін құруды аяқтауға мүмкіндік туады деп есептейміз»,-деді С. Әбденов.

Соңғы жаңалықтар