Мүгедектерге арендалық баспананы беру мәселесi қаралатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүгедектерге арендалық баспананы беру мәселесi қаралатын болады.
Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» ұлттық холдингiнiң басшысы Қуандық Бишiмбаев мәлiм еттi.
«Мүгедектерге арнайы санат қарастырылмаған. Арендалық баспананың 50 пайызы жас отбасылар арасында үлестiрiледi. Оның iшiнде де олар түрлi санаттарға бөлiнедi: мемлекеттiк қызметкерлер, бюджет қызметкерлерi болуы мүмкiн. Сондықтан олар пәтердiң 50 пайызын мiндеттi түрде алады. Мүгедектерге арнайы квота берiлген емес. Бiрақ қазiр ол сұрақ қаралуда. Бағдарламаның басты мiндетi о бастан ақ елде еңбек етiп, бала тәрбиелеп жүрген жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету болған. Әсiресе отбасыда бiрнеше балалары бар жанұялардың өмiр сапасын жақсарту», - деп атап өттi Қ. Бишiмбаев.
Оның сөзiне қарағанда, 30 жасқа дейiнгi жас отбасылар басым санатқа ие болып қала бермек.
«Мүгедектер бойынша мәселе жеке қаралатын болады. Тиiстi шешiм жасалса, жеке хабарландырамыз», - дедi ол.