Мүгедектерге арналған орынға көлік қойған жүргізушілер 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада мүгедектерге арналған тұрақтарға көлік қою ережелерін бұзу жағдайларын анықтауға бағытталған рейд шарасы өткізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.
None
None

«Елордада осындай рейд өткізуге мүгедек жүргізушілерден Астана қаласының ІІД және қала әкімінің сайтына келіп түскен өтніштер негіз болды. Олар көлік қоятын орынның жоқтығына шағымданған. Ал арнайы бөлінген жерлерге басқа көлік құралдары тоқтайды», - деді Астана қаласының ІІД ӘПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рүстем Өмірбеков.

Мүгедектерге көлік қоюға арналған жерлерге (тұраққа) көлік қоюға тыйым салынады. Бірақ кейбір жүргізушілер бұл ережені сақтамайды. Осыған байланысты Қазақстанда осы талапты бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілік енгізілді.

«Екі күннің ішінде мүгедектерге арналған орындарға көлік қою немесе тоқтау ережелерін бұзғаны үшін 20 астам әкімшілік хаттама толтырылды, 6 мемлекеттік номер белгісі тәркіленді. Тәртіп бұзушыларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол.

Елордалық басқарма қызметкерлері көлік жүргізушілерге осы сияқты бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылда бірнеше рет қайталанған жағдайда, айыппұл мөлшері 70 АЕК-ты құрайтынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар