Мүгедектігі бар жандарға берілетін жәрдемақы өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде азаматтарға мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес қайта есептеледі.

Инвалиды Алматы   мүгедек
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 74 428 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы:

I топ – 101 702 теңге;

II топ – 84 598 теңге;

III топ – 74 428 теңге.

Жалпы жәрдемақы:

I топ – 101 702 теңге (2024 жылы – 95 496 теңге);

II топ – 81 362 теңге (2024 жылы – 76 397 теңге);

III топ – 55 474 теңге (2024 жылы – 52 089 теңге).

Ата-анаға, бала асырап алушыға, қамқоршыға мүгедек баласы 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы – 74 428 теңге (2024 жылы – 69 886 теңге).

І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасаушыға да дәл осындай сомада жәрдемақы төленеді.

Биыл мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметіне 179 мыңнан астам тапсырыс берді.

 

Соңғы жаңалықтар