Мүгедектігі бар әйелдер ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда орын алуға дайын - Ләззат Қалтаева

АЛМАТЫ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Мүгедектігі бар әйелдер ҚР Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарда алдағы сайлауға қатысу үшін арнайы оқудан өтті.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды.

Естеріңізге сала кетсек, «ТБРЖ» ҚҚ мен «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің «Демократиялық комиссиясы», "Кюннюс" қауымдастығы және Финляндия үкіметінің қолдауымен биылғы жылдың 21 қыркүйегінен бастап «ҚР мүгедектігі бар әйелдердің сайлау құқықтарын (сайлау және сайлану құқықтарын) жүзеге асыруға үйрету арқылы саяси қатысу дағдыларын қалыптастыру» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын.

«Жобаны жүзеге асыру шеңберінде жақында 5-6 желтоқсан аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында еліміздің 14 аймағынан келген, сондай-ақ Алматы қаласынан 30-дан аса мүгедектігі бар әйелдер үшін екі күндік жаттығу өткізілді. Жаттығу нәтижесінде қатысушылар мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, сонымен бірге республикалық референдумға қатысу арқылы мемлекеттік істерді басқаруға қатысу, еркін және әділ сайлауға қатысу құқықтарын жүзеге асыру саласында теориялық және тәжірибелік білім алды. Дәрістерді елеулі тәжірибесі бар халықаралық және жергілікті сарапшылар өткізді. Енді, ерекше мұқтаждары бар әйелдер алған білім мен дағдыларды алдағы сайлауда қолданып, өз үміткерлерін ұсына алатын болады»,-деді «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Қалтаева.

Оның айтуынша, мүгедектігі бар әйелдер ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарда орын алуға дайын. «Біз осы мақсатта жоспарлы түрде жұмыс істеп келеміз. Сондықтан біздің 10 үміткеріміз жетістікке жетуге кепіл бере отырып, кәсіби деңгейді үміткерлігін ұсынуға және сайлауға түсеге дайын»,-деп атап өтті Ләззат Қалтаева.

Оның пікірінше, билікте осындай жандар отырмайынша, мүгедектікке байланысты және мүгедек әйелдердің мәселесіна қатысты проблемалар шешімін таппайды.

«Мүгедектігі бар әйелдер мүгедек әйелдердің мәселесінен басқа көп нәрсені айта алады. Олардың білімі өте терең және әлеуеті жоғары. Ондай жандар мемлекеттік деңгейде көп мәселелерді шешіп, елдің гүлденуі мен жетістікке жетуіне ықпал ете алады»,-деді Л. Қалтаева.

Соңғы жаңалықтар