Мұхамбетов пен Исекешев Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Астана әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкені аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұхамбетов пен Исекешев Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады

«Қазақстан» спорт кешені жанындағы алаңда өтіп жатқан жәрмеңкеге Қостанай облысының 11 ауданы мен 3 қаласынан келген 50 ірі кәсіпорын қатысуда. Елордалықтардың сатып алуына жалпы салмағы 650 тоннаны құрайтын өнімнің 100-ден аса түрі ұсынылған. Оның ішінде 33 тонна еттің барлық түрлері, 90 тонна сүт өнімдері, 59 тонна шұжық бұйымдары және ет жартылай фабрикаттары, 52 тонна макарон өнімдері, 57 тонна нан және кондитерлік өнімдер,  200 мың дана жұмыртқа, 93 тонна ұн және басқа өнімдер бар.
null 

Жәрмеңкедегі ауылшаруашылық өнімдері Астана қаласының нарығындағы орташа бағалардан 30-40 пайызға төмен.

Айта кетерлігі, осы күндері елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Қостанай облысының күндері өтуде. Бүгін  «Қазанат» атшабарында «Шырқар әнім туған өлкем - Қостанай!» концертінде Қостанай облысындағы халық әндерін үздік орындаушылар, сондай-ақ, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалауға болады.   Сонымен қатар елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында қостанайлық облыстық қазақ драма театры Ыбырай Алтынсаринге арналған «Дала шамшырағы» спектаклін қояды.
null 

7 тамызда М.Горький атындағы орыс театрында қостанайлық әртістер Ахмет Байтұрсынов пен оның жұбайы Бәдрисафаға арналған «Любовь и смерть Ақ келін» спектаклін елордалықтарға ұсынады. 

null null null null null null null null