Мұхамедиұлы «Құрмет» және «Парасат» орденінен, қайраткер атағынан айырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы осыған дейін алған мемлекеттік наградалары мен берілген атақ-дәрежелерін кері қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхамедиұлы «Құрмет» және «Парасат» орденінен, қайраткер атағынан айырылады

«Президентке Арыстанбек Мұхамедиұлына берілген «ҚР Еңбегі сіңген қайраткері» атағы, сонымен қатар «Құрмет» және «Парасат» орденінен айыру туралы ұсыныс берілсін», - деді үкімді оқыған судья Бағлан Ыдырысов.

Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан да айрылды.

Сондай-ақ, үкімде Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі тәркіленбейтіні айтылған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды.

«Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Одан бөлек, судья Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайластарына да үкім шығарды.