Мұхамедиұлы Универсиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Атлетикалық қалашыққа барды. Министр қазақстандық спортшылармен кездесіп, олардың тұрып жатқан жерімен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қандай тілектеріңіз бар? Тағы не қажет? Біз үшін сіздердің жақсы көңіл-күймен жарысқа дайындалғандарыңыз маңызды. Билеттердің барлығы сатылып кеткендігінен хабардар боларсыздар, бұл - Қазақстанның спортқа деген қызығушылығының дәлелі», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан құрамасының спортшыларына.
Министр барлық қызметтің ойдағыдай жұмыс жасап жатқандығын атап өтіп, біздің спортшыларға табыс тіледі.
«Сіздерге сәттілік тілейміз, жеңіске жетіңіздер», - деп тілек білдірді Арыстанбек Мұхамедиұлы Универсиада-2017-ге қатысатын қазақстандық спортшыларға.