09:46, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Мұхаммед Әли - «Әлем боксының королі»
АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли «Әлем боксының королі» деген атаққа ие болды.

Америкалық былғары қолғап шеберін марапаттау салтанаты Мексиканың Канкун қаласында өтті, деп хабарлайды BAQ.kz.
Рәсімге Дүниежүзілік бокс кеңесінің ауыр салмақтағы чемпионы Виталий Кличко мен Мексиканың алты дүркін әлем чемпионы Чавес қатысты. Паркинсон дертіне шалдыққан Мұхаммед Әли салтанат барысында сөз сөйлеген жоқ.
Мұхаммед Әли биыл 70-ке толды. Ол, 1960-1981 жылдары кәсіби рингке 67 мәрте шығып, соның 37-де қарсыласын нокдаундпен ұтқан . Ал, 1999 жылы оған «Ғасыр спортшысы» деген атақ берілді.