Мұхаммед Әли Twitter-де өзінің бірінші жазбасын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли Twitter микроблогында бірінші жазбасын жариялады. Оны ол өзінің чемпиондық титулының 50 жылдық мерейтойына орайластырған, деп хабарлады "Вести.Ru".

Мұхаммед Әли Twitter-де өзінің бірінші жазбасын жариялады

«Сонни Листоянға қарсы кездесуде мен бүкіл әлемді таң қалдырдым. Содан 50 жыл өткеннен кейін мен Twitter-ді пайдалануды бастадым»,- деп жазыпты Мұхаммед Әли. 72 жастағы Мұхаммед Әли сонымен бірге, өзінің бірінші рет әлем чемпионы атанған кездегі қарсыласымен өткен кездесудегі суреттеріне сілтеме салып қойған.

1960 жылғы Олимпиададағы ауыр салмақтағы чемпион, кәсіби спортшылар арасындағы ауыр салмақтағы үш дүркін әлем чемпионы 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвилледе дүниеге келген. Өзінің бірінші чемпиондық титулын Мұхаммед Әли 1964 жылы 25 ақпанда Сонни Листонмен өткен кездесуде жеңіп алды. Өзінің кәсіби мансабында Мұхаммед Әли 61 кездесу өткізіп, 56 рет жеңіске жетіп, бес рет ұтылған. 1984 жылдан бері Мұхаммед Әли Паркинсон дертіне шалдыққан.