Мұхаммед Әли жұма күні Кентуккиге жерленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марқұм Мұхаммед Әлидің денесі алдағы жұма күні Кентукки штатының Луисвилль қаласында жер қойнына беріледі. Қаралы жиында соңғы сөзді АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон айтады, деп хабарлады Би-би-си бақилық болған боксшының баспасөз хатшысына сілтеме жасай отырып.

Мұхаммед Әли жұма күні Кентуккиге жерленеді

Жерлеу рәсімі бірнеше тілде интернет арқылы трансляцияланады.

30 жылдан астам Паркинсон дертімен арпалысып, аңызға айналған былғары қолғап шебері Мұхаммед Әли 75 жасында өмірден озды.

Ол өзінің 25 жылдық спорт мансабында 56 рет жеңіске жетті, оның 37-сі - нокаут. Ол - ауыр салмақта үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы.