Мұхаммед Әлидің алтын «Мерседесі» бәссаудаға шығарылады
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Мұхаммед Әлидің алтын «Мерседесі» бәссаудаға шығарылады. Танымал боксшыға тиесілі, 1959 жылы шығарылған автокөлік Калифорнияда алдағы ақпан айында сатылғалы отыр.
Ескі көлік 23 қарат алтынмен қапталып, бағалы тастармен безендірілген. Оның бағалау құны 1,5 миллион доллар тұрады. Автомобиль екі жылға жуық боксшының иелігінде болған, кейін сатылып кеткен.