Мұхаммед Әлидің қызы Головкинді нағыз ер деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лейла Әли өз твиттеріне Геннадиймен түскен суретін салды. Бұл туралы GGG ВКонтакте қауымдастығы парақшасында хабарланды.

Мұхаммед Әлидің қызы Головкинді нағыз ер деп атады

Фотоның астына ол Геннадийді нағыз ер деп санайтындығын жазған. Сонымен бірге Лейла боксшының әдісі мен рингтен тыс жердегі қарапайымдылығы ұнайтынын жеткізген.

Лейла Әли кәсіби бокс өкілі болып табылады. Ол 24 рет жекпе-жекке шығып, оның 21-ін нокаутпен аяқталған. Лейла Әли - IBA, WIBA және IWBF нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы.