Мұхаммед - Британияда жаңа туған сәбилерге ең көп қойылған есім
АСТАНА. ҚазАқпарат - «BabyCentre» порталында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Ұлыбританияда жаңа туған балаларға Мұхаммед есімі ең көп қойылған ат болып шықты, деп жазады ВВС.
Мамандардың айтуынша, араб есімдерінің Англияда көбеюі соңғы бір жылда байқалған. Оливер ең көп қойылған есімдер қатарында екінші орынға түсіп қалған. Үшінші орында, - Джек есімі. Ал Омар, Әли, Ибрахим «ең таңдаулы 100 есім» қатарына бірінші рет енген. Қыз балалар арасында ең көп қойылған ат - София. Мамандар, арабша Мариям мен Нұр есімдерінің де көбейгенін айтады.