Мұхаммед Жәмил әл Рамахи «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхаммед Жәмил әл Рамахи «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры болып сайланды

Құжатта жазылғандай, осыған дейін қордың тәуелсіз директоры лауазымында болған Джон Дудастың өкілеттігі мерзіміне жетпей аяқталды.

«Тәуелсіз директор Джон Дудастың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Мұхаммед Жәмил әл Рамахи «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайлансын», - делінген Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.

Қаулы алғаш жарияланған күннен, яғни 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Қоса кетсек, таяуда Салтанат Сәтжан «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды.