Мұхитқа қарай аққан сең үстіндегі бала құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖМ қызметкерлері төртінші сынып оқушысын мұхитқа бет алған сең үстінен құтқарып қалды, деп хабарлады сәрсенбі күні Камчатка өлкесінің Бас басқармасы.
«Балалардың бірі - төртінші сынып оқушысы Дмитрий мұзға секіріп түскен. Ол мінген сең жағадан алыстай бастаған», - делінген хабарламада.
Оқиға сейсенбі күні Вилючинск қаласында болған, бір топ бала Крашенинников айлағындағы пирс маңында ойнап жүрген.
Куәгерлер ТЖМ хабарласқан және 15 минуттан кейін Шағын қайықтар жөніндегі мемлекеттік инспекция қызметкерлері келді. Бұл уақытта сең мен бала жағадан 150 метрге ұзап кеткен еді.
Құтқарушылар ескекті қайықпен баланы қуып жетті. Бала жағаға аман-есен жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.