Мұхтар Әбіләзовтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта алаяқ банкир, «БТА банкінің» басшысы Мұхтар Әбіләзовке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өткізілді.
None
None

Сотталушылар орындығында сырттай сотталатын М. Әбіләзовтен бөлек оның үш сыбайласы - «БТА банкінің» басқарма төрағасының экс-бірінші орынбасары-несие беру комитетінің төрағасы Жақсылық Жәрімбетов, несиелеу бойынша экс-директор Қайрат Садықов және «БТА банкінің» бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмеш отыр.

Бұған дейін қылмыстық іске қатысушыларға, соның ішінде М. Әбіләзовтің қорғаушысына айыптау актісі тапсырылды. 2017 жылдың 1-інші және 14-інші ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес, отандық және шетелдік БАҚ-тарда материалдар шығару жолымен М. Әбіләзовті сотқа келу туралы хабардар етті. Алайда, ол сотқа келген жоқ және келуіне кедергі келтіретін себептер жөнінде де хабарлаған жоқ.

Алаяқ банкирдің ісінің кейіпкерлеріне қылмыс жасау, бөтеннің мүлкін иелену және жұмсау, заңсыз жолмен табылған ақшаны заңдастыру, банктің қаражатын заңсыз пайдалану, өкілеттіктерін асыра пайдалану мақсатында қылмыстық қауымдастық ұйымдастырды және құрды деген айыптар тағылып отыр. Ал М. Әбіләзовтің өзі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталуда: атап айтқанда, олар «Қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қауымдастық ұйымдастыру және құру», «Сеніп тапсыралған бөтеннің мүлкін иелену және жұмсау», «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкіне қастандық жасау және жұмсау», «Қылмыстық жолмен табылған ақша мен мүлікті заңдастыру», «Банктің ақшасын заңсыз жолмен пайдалану», «Өкілеттіктерін асыра пайдалану». Сотталушылардың қылмыстық іс-қимылдардың нәтижесінде мемлекетке 1,557 триллион теңгеден астам сома көлемінде залал келген.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро М. Әбіләзов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталып, іс прокуратура органдары арқылы сотқа жөнелтілгенін хабарлаған еді.

Қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовтің қылмыстық ісі бойынша басты сот отырысы ағымдағы жылдың 3-інші сәуіріне белгіленді. Бұл туралы Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы Мартбек Кәкімжанов хабарлады. Алғашқы сот тыңдауында төрағалыө етуші судья сотталушыларды қорғаушы тараптың өтініш хаттарын қанағаттандырусыз қалдырды. Алайда сотталушы Сәдуақас Мәмештегінің қорғауын қамтамасыз ететін қорғаушы Клименкоға қылмыстық істің материалдарымен танысуға рұқсат берілді. Сонымен қатар, сот басты сот отырысы өтетін күн мен уақыт белгіленгені туралы хабарламаны республикалық және басқа жалпыға қолжетімді БАҚ-тарда жариялауды ұйымдастыру жөнінде қаулы шығарды. Соттың қаулысына сәйкес, со отырыстары әр аптада үш күн сайын өтіп отырмақшы.

Атап айтарлығы, қылмыстық іс бойынша басты айыпталушы - «БТА банкі» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов сотқа келген жоқ. Сот процесіне қатысушылардың барлығы соттың Әбіләзовсыз өтуіне ешқандай қарсылық білдірген жоқ.

Әмірлан Әлімжан

Соңғы жаңалықтар