Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарының ісі бойынша тараптардың сөз сайысы 23 мамырда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мартбек Кәкімжанов сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады. Тараптардың сөз сайысы ағымдағы жылдың 23 мамырына белгіленді.
None
None

Айта кетелік, «БТА банк ісі» бойынша басты сот отырысы ағымдағы жылдың 3-ші сәуірінде басталды және ол ашық жағдайда өтуде. Сотталушылар орындығында сырттай сотталатын М. Әбіләзовтен бөлек оның үш сыбайласы - «БТА банкінің» басқарма төрағасының экс-бірінші орынбасары-несие беру комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, несиелеу бойынша экс-директор Қайрат Садықов және «БТА банкінің» бұрынғы басқарма төрағасы Садуақас Мәмеш отыр. Олардың барлығы аса ірі көлемдегі БТА банктің ақшасын ұрлады деп айыпталуда. Мұхтар Әбілязовке Қылмыстық Кодекстің 6 бабы бойынша: қылмыстық қауымдастық құрды және оған басшылық етті, БТА банктің ақшасын жымқырды және оны заңдастырды, банктің қаражатын заңсыз пайдаланды және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыптар тағылуда.

Сот отырысы басты айыпталушы Мұхтар Әбілязовтің қатысуынсыз өтіп жатыр. Экс-банкир 2009 жылдан қашып жүр, ол қазіргі кезде Францияда тұрады. Ал сотта қашқын банкирдің мүддесін мемлекет тағайындаған қорғаушы Анжела Әжіғұлова қорғауда. Алғашқы сот отырысында-ақ сотталушылар мен қорғаушылардың ешқайсысы қылмыстық істі бас фигуранттың қатысуынсыз қарауға қарсылық білдірген жоқ.

Келтірілген шығынның жалпы көлемі 7,5 млрд. АҚШ долларынан асады. Банктен ұрланған қаражат халықтың зейнетақы салымдары, Қазақстан азаматтарының жеке салымдары және шетелдік қаржы институттарының қарыз ақшасы.

Ұрланған куәгерлер

Айта кетелік, сотқа түсінік берген куәгерлердің сөзінен байқалғандай, БТА банкте басшылық құрылымдарда жұмыс істеген қызметкерлерге Әбілязовтің сенімді өкілдерінің тарапынан үнемі қауіп төнген. Әбілязовтің маңайындағы адамдар тергеуден жасыру мақсатымен БТА банктің қызметкерлерін ұрлап, шетел асырған. Алайда, кейбір қызметкерлер өз еріктерімен Қазақстанға оралды. Көбінесе олар Бішкек, Мәскеу және Киев қалаларын паналаған.

Белгілі бір кезеңде Әбілязов қашқындарға ақшалай көмек берген, сондай-ақ қорғаушылармен қамтамасыз етіп, тұрақты түрде нұсқау беріп отырған. Бірақ Әбілязовтың қолдауы тоқтаған кезде БТА банк қызметкерлерінің көпшілігі Қазақстанға қайтып оралып, тергеу органдарына жәрдем берді. Олар сотта БТА банктегі ақша ұрлаудың қылмыстық кестесі туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Барлық куәгерлер соттағы жауабында М. Әбілязовтің арнайы нұсқауымен құрылған №6 корпоративтік бизнес басқармасының қызметі туралы ашық әңгімеледі. Өйткені банктің осы бөлімшесі Британ Виргин және Сейшель аралдарында тіркелген резидент емес компаниялардың құжаттарын дайындаған. Сайып келгенде, аталған оффшорлық компаниялардың жетекшілерінің атынан БТА банкке көп миллиардтаған несиелерге өтінім берілгені мәлім болды.

Атап айтарлығы, несие комитетінің қызметкерлері аталған компаниялардың кімге бағынатынын жақсы білген. Сол себептен келген өтінімдерді жедел мақұлдап отырған. Бұған қоса, «бір күндік» компаниялардың несиелік тарихы, кепілге қоятын мүлкі, қандай да бір саладағы жұмыс тәжірибесі болмаған.

Соңғы жаңалықтар