Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады

АЛМАТЫ. 29 маусым. ҚазАқпарат -  Кеше Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-шы маусымын «Абай» трагедиясымен аяқтады.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 86-маусымын аяқтады

 Өнер ұжымы бұл маусымда өз көрермендеріне  «Империядағы кеш», «Қыз мұңы», «Жаужүрек», «Тендерге түскен келіншек», «Жынойнақ», «Қилы заман», «Мен ішпеген у бар ма?» деп аталатын жаңа туындыларын ұсынған болатын. Театр айына 30-дан астам қойылым қоятын еліміздегі бірден-бір өнер ордасы.

Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан  Обаевтың айтуынша, алдағы 87-маусымға дайындықты ерте бастап кеткен олар қазір бірнеше пьесамен жұмыс жасауда. Оның ішінде Төлен Әбдіковтің «Ардагер» және  Антон Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу», Әубәкір Рахимовтың «Шәкәрім»  қойылымдары бар.